Имамдар марапатталды 1166

Имамдар марапатталды

08 желтоқсан 2021 136 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық дін істерінің ұйымдасытруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – конфессияаралалық татулық пен келісім кепілі» тақырыбында іс-шара өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінова, облыстық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.Бекназаров, «Алматы Әулие Николай приходы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі К.Дахно, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Вишняк, Ақтөбе қаласындағы «Өмір бұлағы» христиандық інжілдік елуліктер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы А.Еспаев қатысып, шара барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың асыл арманы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар ҚР АКМ Ақпарат комитетінің төрағасыЕржан Нүкежановтың алғыс хатымен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің алғыс хатымен «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі