Айтта Бегімбетте футболдан жарыс ұйымдастырылды
Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай футболдан жарыс өтті.
Сайыста ауыл тұрғындарынан 8 топ өзара жарысқа түсті. Шара барысында «Бұл шара жастардың бойына бір-біріне деген бауырмашылдығы мен мейірімділігін арттыру мақсатында Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр», – деді имам Нұрдәулет Әуезов.
Тартысқа толы ойынның нәтижесінде «Мектеп» тобы 1 орынды иеленсе, 2 орынды «Фок» командасының еншілеп, ал жарыстың 3 орынды «2008 жылғы түлектер» командасы алды. Бірінші орынды иеленген командаға 50 мың теңге, екінші орынға 30 мың теңге, ал үшінші жүлделі орынға 20 мың теңгеден сыйлық берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































