Ақтөбе: Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды 749

Ақтөбе: Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

25 тамыз 2021 158 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі  мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды.

Аталған дәріске РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов арнайы келіп, дәріс оқуда.

Семинардың алғашқы  күні усулу-фиқһ бойынша дәріс басталды. 

Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша қала, аудан, ауыл имамдары қатысқан семинар барысында Сансызбай Құрбанұлы заманауи пәтуаларға байланыстыда арнайы дәріс оқитын болады. 

Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі