Қаланың Бас имамы асхана құрылысының барысымен танысты 6585

Қаланың Бас имамы асхана құрылысының барысымен танысты

23 шілде 2026 71 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли «Әзірет Біләл» мешітінің жанынан салынып жатқан асхана құрылысының барысымен танысты.

Бас имам асхананың қазіргі жай-күйімен танысып, жұмыстардың сапасы мен мерзімінде аяқталуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ құрылыс ісіне жауапты азаматтармен кездесіп, жұмыстың талапқа сай жүргізілуінің маңыздылығына тоқталды.

Аталған асхана алдағы уақытта мешіт жамағатына қызмет көрсетіп, қасиетті Рамазан айында ауызашар дастархандары, түрлі рухани іс-шаралар мен басқа да басқосуларды өткізуге арналады. Жаңа нысан көлемі шамамен 250 адамды қамтиды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі