Ақтөбе: Имамдар жамағатпен бірге қуаңшылыққа қарсы дұға жасады 2678

Ақтөбе: Имамдар жамағатпен бірге қуаңшылыққа қарсы дұға жасады

05 мамыр 2023 278 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы уағыз-насихат айтты. Жұма намазы оқылған соң артынша Ақтөбелік жамағатпен бірге Алладан елімізді қуаңшылықтан сақтауын тілеп, құрғақшылыққа қарсы дұға жасады. Сондай-ақ әртүрлі апаттар мен кесапаттардан қорғауын тілеп, ел тұрғындарына Алланың мейірімі мен ризық несібесінің мол беруін сұрады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі