«Халал Даму»: Хромтауда сүт зауыты тексерілді
ҚМДБ Халал Даму мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли және технолог маман Ақмаржан Ержанқызы Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында орналасқан «Milky Land» сүт өнімдерін шығаратын зауытқа арнайы барды. Сапар барысында осыған дейін «Халал сертификатын» алған мекеменің жұмысына тексеру жұмыстарын жүргізді.