Ақтөбе: Дін мамандары марапатталды 2268

Ақтөбе: Дін мамандары марапатталды

18 қараша 2022 207 Оқу 1 минут

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласының дін мәселелерi және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы мешіттердің ұстаздары, дін саласының мамандары, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері арасында «Ұлттық құндылықтар және дін — тәрбиенің негізі» атты қалалық эссе байқауы өтті. 

Әділқазылар алқасының бағалауымен 3 қатысушы жеңімпаз атанса, 6 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал орталык басшысы Сансызбай Ұлқабай сайыс қатысушыларын жеңімпаз атануымен құттықтай отырып, диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.

 Байқау жеңімпаздары:

 

І орынды «Ихсан орталығы» ҚБ психологы Эльмира Адильханова; ІІ орынды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова; ІII орынды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали иеленді. Ал ынталандыру бойынша ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы мен Ақтөбе қалалық орталық мешінінің ұстазы Айзат Демеутова алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздардың шығармашылық жұмыстары интернет порталдары мен баспасөз құралдарында жарық көретін болады.

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі атынан жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі