Хромтау: Балық аулаудан спорттық сайыс өтті 4127

Хромтау: Балық аулаудан спорттық сайыс өтті

03 ақпан 2025 288 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Абай ауыл көлінің бойында балық аулаудан аудандық спорттық сайыс өтті. 

Мешіт жамағатының өзара бірлігін арттыру, мешіт қызметкерлері мен халық арасындағы байланысты тереңдете түсу мақсатында ұйымдастырылған игі шарада «Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты»-дей келе, Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы қысқы балық аулау шарасының маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Абай көлінде өткен жарыс қатысушыларына Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Мейрбек Абдуллин сайыстың шарттары мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі