Облыстың наиб имамы Алға ауданында жұма насихатын айтты 5100

Облыстың наиб имамы Алға ауданында жұма насихатын айтты

19 желтоқсан 2025 95 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев арнайы іс сапармен Алға ауданына барды.

Сапар барысында облыстың Бас имамы аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлы» мешітінде жамағатпен жүздесті.

Сонымен қатар «Көреалмаушылықтың зияны мен зардабы» тақырыбында жұма насихатын айтты. Ал жұма намазынан кейін жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі