БАС МҮФТИДІҢ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ 1862

БАС МҮФТИДІҢ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

03 шілде 2022 158 Оқу 1 минут

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

Құрметті отандастар!

Сіздерді бүгінгі Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық домбыра күні – ұлттық дәстүрімізді бұқаралық сипатта насихаттаудың үлкен мүмкіндігі, орайлы сәті. Ел басына күн туған сәттерде қолға домбырасын алып, жалынды жырларымен халқымызды игілік пен бірлікке үндеп, жүрекке жігер сыйлаған жырауларымыздың өнегелі ісі әлі күнге дейін жадымызда.

Әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні күн сайын жаңғырып келе жатқаны жүрекке қуаныш сыйлайды.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жеті бағыт бойынша жұмыстарында дін мен дәстүр сабақтастығын барынша насихаттап келеді. Бұл бағыт бойынша жұмыстарымыз тұрақты түрде жалғаса бермек.

Алла Тағала халқымызға амандық, жерімізге тыныштық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!