Ақтөбе имамдары Құрбан айт дайындығын пысықтады 691

Ақтөбе имамдары Құрбан айт дайындығын пысықтады

16 шілде 2021 154 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала, аудан бас имамдарының қатысуымен онлайн және оффлайн жиналыс өтті. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы дін қызметкерлеріне биылғы Құрбан айт мейрамының өткізілу форматын кеңінен түсіндірді. Діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу рәсімдерінің онлайн өткізілуіне байланысты жергілікті қасапханалар мен мал соятын орындармен келіссөздер жүргізіліп, жергілікті әкімшіліктер тарапынан қолдау болатынын айтып жеткізді.

Сондай-ақ, жауапкершілігі мол үлкен іс-шараға еріктілер мен мешіт жамағатын жұмылдырып, аталмыш қасиетті күндерде барынша ыждағатпен қызмет атқаруға шақырды.

Сонымен қатар, Бас имам Серікжан Еншібай Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі