Темір ауданында жаңа тағайындаулар 6589

Темір ауданында жаңа тағайындаулар

27 шілде 2026 43 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Темір ауданы 3 жаңа дін қызметкермен толықты. 

Темір аудандық «Досжан ишан» мешітіне Ильясов Қуанышқали Ерболатұлы ұстаз қызметіне тағайындалды. Жамағатқа ауданның бас имамы Зарлық Ералин таныстырды

Ильясов Қуанышқали – «Ақтөбе» медресе-колледжінің 2018–2021 жж. түлегі. 2021–2023 жж. – Ақтөбе облысы, Алға ауданының «Хазрет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешітінде наиб имамдық қызмет атқарды. 2023–2026 жж. Астана қаласындағы «Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтында» «Ислам ілімдері» бағыты бойынша білім алды.

Ал Темір қалалық мешітіне Кабдунер Тамирлан Мәлікұлы азаншы тағайындалды. Жаңа дін қызметкерін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов Таныстырып, қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Тамирлан Мәлікұлы – 2022-2026 жылж Ақтөбе медресе колледжінің түлегі.

Сонымен қатар ауданға қарасты Кеңқияқ ауылдық «Ырысты ана» мешітіне Самет Талғат Абатұлы молда қызметіне тағайындалып, жамағатқа Кеңқияқ ауылдық «Ырысты ана» мешітінің имамы Абдулин Дінислам таныстырды «Ақтөбе» медресе-колледжін биыл бітірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі