Ақтөбе: Қасапшыларға семинар өткізілді 374

Ақтөбе: Қасапшыларға семинар өткізілді

19 қараша 2020 219 Оқу 1 минут

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өткізілді.

Семинарға Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзембаев және "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Абдусаламов Жарасхан, наиб имамдар мен жергілікті қасапшылар қатысты.

Қасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері,мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары түсіндірілді.Шариғатқа сай мал бауыздау талаптары аят-хадис үкімдері, дін ғұламаларының еңбегі негізінде кеңінен тарқатылып айтылды. Халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері де қозғалды.

"Қасапшылық - сауапты һәм жауапты іс" оқу-семинарына "ҚМДБ халал" стандарты бойынша мал бауыздап, ет өңдеуге, "ҚМДБ халал қасапшы" куәлігін алуға ните білдірген 9 қасапшы қатысты.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел игілігіне қызмет етіп, отандық халал, таза ет өнімдері өндірісін дамытуға ат салысуға шақырды.