Ақтөбе: «Ермағанбет ишан» мешіті күрделі жөндеуден өтті 365

Ақтөбе: «Ермағанбет ишан» мешіті күрделі жөндеуден өтті

10 қараша 2020 140 Оқу 1 минут

Өткен сенбіде Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылдық «Ермағанбет ишан» мешіті жамағатқа қайта пайдалануға берілді. ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, күрделі жөндеуден өткен мешіттің ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қатысты. Ауылдық мешіттің имамы Фархат Ешимов мешіт ауласына киіз үй тігіп, Алла үйінің қайта ашылуына орай ауыл ақсақалдары мен жамағатқа дастархан жайды. Іс-шара барысында наиб имам Нұрбол Берікболұлы мешіттің күрделі жөндеу ісіне қаржылай көмек көрсеткен Ермағанбет ишанның ұрпағы Көбеген Мұқыпұлына, жөндеу жұмыстарында күш-қайратын жұмсап ерекше еңбегімен көзге түскен Айбек Оразғалиұлы мен Батырбек Серікбекұлына Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспанның атынан алғыс хат табыстап, рахметін айтты. Сонымен қатар, ауыл жамағаты 6-7 айға жалғасқан күрделі жөндеу жұмыстарының бас-қасында жүріп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген ауыл имамы Фархат Ешимовке ерекше алғыстарын білдіріп, мешітке сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде ауыл имамы да жөндеу жұмыстарында ертелі-кеш қасынан табылған азаматтарға сыйлықтар тарту етті.

Дастархан соңында ауыл ақсақалдары баталарын беріп, мешіт жамағатының ауызбіршілігін тіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі