ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі марапатталды
Ақтөбе өкілдігінде ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуандық Қабденұлы «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы атынан алғыс хатпен марапатталды.
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақсақалдар кеңесінің мүшесіне салттық қызмет көрсету орталығының жұмысын насихаттау аясында еңбегін атап өтіп, аталған марапатты жұма намазына жиналған жамағат алдында табыстады.
Сонымен қатар дәл осындай алғыс хат Ақыл Абдикаримовгеде берілді. Облыстың Бас имамы өңірде орталықтың жандануына белсенді үлес қосқанын айтып, екі алғыс иелеріне құрмет жасады.
Марапат иелерін құттықтаймыз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі