Қобда ауданына Бас имам тағайындалды 213

Қобда ауданына Бас имам тағайындалды

06 қазан 2020 326 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысында екі Бас имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облысы, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа Бас имам тағайындалды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа Бас имам Абай Шынболатовты жамағатқа таныстырды. Абай Шынболатов Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылының тумасы. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «исламтану» мамандығы бойынша бакалавры.
Осыған дейін Қобда ауданында 3 жыл қатарынан Бас имам қызметін абыроймен атқарған Айбек Кабиевке аудан әкімі Болат Кулов мерейтойлық төсбелгі тағып, алғыс хат пен естелік сыйлықтар тарту етті. Облыстан келген наиб имам Алмат Амангелдіұлына алғысын білдіріп, аудандағы діни ахуал мен діни кадрлардың мәселесі жайында екі жақты пікір алмасты.
Сонымен қатар, мешіттің ондық мүшесі атынан Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағанбетов Айбек Аманқосұлына алғыс хат табыстап, жаңа қызметке ауысуына байланысты ақ жол тіледі.
Жаңадан тағайындалған «Шәріп молда» мешітінің Бас имамы Абай Шынболатовқа сәттілік тілеп, діни ахуалдың тұрақтылығына нәтижелі еңбек ететіндігіне сенім білдірді.
Сапар соңында Алмат Әли мұқтаж 5 отбасыға "Қайырымдылық керуені" жобасы аясында қайырымдылық азық-түлік дорбаларын таратты.

Артынша Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Бас Мүфтидің бұйрығын оқып, Айбек Аманқосұлын Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітіне Бас имам етіп тағайындады.


Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласы, "Бақытжан" мешіті