XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ 5219

XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

03 қазан 2025 1 Оқу 1 минут

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде XIV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсімінде байқауды ұйымдастырушылар – қариларға байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.

Қарилар байқауы 4-5 қазан күндері Жетісу облыстық «Иман» орталық мешітінде өтеді және жалпы көрерменге Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Тікелей эфир сілтемесі:  https://www.youtube.com/live/wIZFhe5uVB4