Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды 5837

Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды

23 қаңтар 2026 163 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында орналасқан «Әс-Сәлам» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбет жұмаға жиналған жамағаттың алдында жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Осы жұма күні мешітте «Адалдық — мұсылман болмысының айнасы» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Наиб имам жамағатқа адалдықтың иман мен күнделікті өмірдегі орны, адамгершілік пен жауапкершілікке жетелейтін қасиет екені жөнінде сөз қозғап, уағыз соңында жаңа тағайындалған имамды көпшілікке таныстырып, оған ізгі тілектерін білдірді.

Жаңа тағайындалған имам — Серікұлы Нұрсұлтан. Ол 1995 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген.


Білімі:

* 2013–2017 жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак Египет Ислам университетін «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған (бакалавр).

* 2020–2022 жылдары Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған (магистр).

Еңбек жолы:

2017–2022 жылдары Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Ойыл аудандық орталық мешітінің» бас имамы қызметін атқарған.

Алла Тағала жаңа имамның қызметіне береке беріп, жамағатқа рухани пайда әкелетін игі істерде табысты болуын нәсіп етсін!