БАҚ өкілдері мен сайт мамандарына арналған семинар өтті 1023

БАҚ өкілдері мен сайт мамандарына арналған семинар өтті

27 қазан 2021 122 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері мен мамандарына, сондай-ақ өкілдіктің жеке сайты мен әлеуметтік желілерге (Instagram, facebook) жауапты мамандарға арналған семинар өтті.

Онлайн семинарға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова, облыстық орталық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен сайт дизайнері Садық Өтегенов қатысты.

Семинар барысында маркетолог (Instagram) әлеуметтік желідегі әр өкілдіктің парақшасына шолу жасап, негізгі беттегі пост банерлерде үнемі кездесетін қателіктерге тоқталды.

Сонымен қатар Instagram алгортимі бойынша ескерілу керек қағидаларды атап өтті. Одан өзге видео шапкасындағы облошканы орналастыруға ерекше тоқталып, сториздегі видеоларды типтік негізде жариялауда маңыздылығы аса зор екендігін түсіндіріп өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі