Ақтөбе қаласы АТТ тобы Сазды тұрғындарымен кездесті 2694

Ақтөбе қаласы АТТ тобы Сазды тұрғындарымен кездесті

18 мамыр 2023 329 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық басшысының орынбасары Сәбит Сабырұлы, аталған орталықтың теолог маманы Мәди Орынбайұлы және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы, Ақтөбе қалалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы «Рухани тәрбиенің діңгегі - дін мен дәстүр» тақырып аясында Сазды тұрғын алабының ауыл тұрғындарына маңызды мәселерді түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері рухани тұрақтылық жайында,дін мен дәстүрдің сабақтас,егіз ұғым екендігі туралы ой қозғап, одан өзге

«Бабаларымыз сан ғасырдан бері Ислам дінін ту етіп,оны тұрмыс-тіршілігіне салт-дәстүр, әдет-ғұрып ретінде енгізді. Бүгінгі таңда, дәстүрімізді жастардың бойына жақсы сіңірер болсақ, жат ағымның азғыруынан аулақ болып, өз халқының мәдениетін дұрыс біліп өскен жас түрлі ағымдардан іргесін аулақ салары анық» - деп баса айтты.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ауыл үлкендері ақ баталарын берді.


Ақтөбе қалалық орталық мешіті