Мұғалжар: Шәкірттер арасында хадис жарысы өтті 2695

Мұғалжар: Шәкірттер арасында хадис жарысы өтті

18 мамыр 2023 369 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Қадырәлі ата» мешітінде жамағат арасында алғашқы рет Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін жаттау бойынша жарыс өтті. Жарысқа қатысушы шәкірттердің әрқайсысы қаржылай марапатталды. Бірінші орын иеленген Жумабай Асқарға 15 мың теңге табысталды. Екінші орын иегері Андрейұлы Қуаныш 10 мың теңге, үшінші орын иегері Хойруллаұлы Рустам 5000 мың теңге қаражатпен марапатталды. Ынталандыру сыйлығы ретінде Бисенұлы Актілекке 5 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Мұғалжар ауданының бас имамы Ерғазин Әсемхан және «Қадырәлі ата» мешітінің имамы Тұрсынқұлов Нұрсұлтан қазылық етті. Мешіт имамдары хадис жаттау сайысына қатысушы шәкірттерге хадистің мазмұны білу мен көбірек жаттап қана қоймай, оған амал жасаудың маңыздылығына назар аудару керек екенін ескеріп өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі