Хромтау: «Нұр» мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды 2693

Хромтау: «Нұр» мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды

18 мамыр 2023 372 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды.

Салтанатты шараға аудан бас имамы, ұстаздар мен әйел жамағаты қатысты.

Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы дәрісхананың лентасын қиып, құттықтады.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Білім алу – әрбір мұсылманға парыз. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады. «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді» («Алақ» сүресі,1-5 аяттар) дей келе, шәкірттерге ілім жолында зейіні ашылуын тіледі. Игі бастамаға мұрындық болған жандарға ризашылығын білдірді.

Ресми салтанатты шара ақ дастарқан басында жалғасын тауып, Ақтөбе обл «Нұр-Ғасыр» мешітінің ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі жетекшісі Кенжегүл Кушкарова ұстаз білім алудың пайдасы төңірегінде әйел жамағатына уағыз-насихат айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі