Ақтөбе: Қала мешіттерінің арасында «DINTELLECT» атты интеллектуалды  сайыстың жеңімпазы анықталды 3097

Ақтөбе: Қала мешіттерінің арасында «DINTELLECT» атты интеллектуалды сайыстың жеңімпазы анықталды

06 қараша 2023 1162 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының бастамасымен, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жастардың зияткерлік деңгейін арттыру және олардың ислам туралы білімін көтеру мақсатында Ақтөбе қаласы мешіттерінің арасында «DINTELLECT» атты инеллектуалды білім сайысы өтті. 

Дода 6 кезеңнен тұрды:

1 кезең: Дұрысын тап! Тест форматындағы 10 сұраққа, 15 секунд ішінде жауап беру;

2 кезең: Сөзжұмбақ;

3 кезең: Медиа яғни, сурет, аудио және видео түрінде берілген сұрақтардың жауабын дұрыс табу;

4 кезең: Тақырып не? Арнайы сауал.

5 кезең: Логикаңды қос! Логикаға негізделген 7 сұрақ. Әр сұраққа 1 минут уақыт беріледі

6 кезең: Нартәуекел! Күрделі 5 сауалға мүдірместен жауап беру.

Аталған 6 кезеңде де өзге топтардан озық шыққан Ақтөбе қалалық орталық мешітінің командасы жүлделі І орынды жеңіп алса, «Біләл» мешіті ІІ орын, «Сүлеймен ата» мешіті ІІІ орынға ие болды.

Қатысушыларға арнайы алғыс хат пен естелікке сыйлықтар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі