Наиб имам отбасы құндылығын сақтау жолдарын айтты 2192

Наиб имам отбасы құндылығын сақтау жолдарын айтты

02 сәуір 2024 147 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абзал Медетбеков «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды. Наиб имам «Иман нұры» бағдарламасында «Үйлену оңай, үй болу қиын» тақырыбында сұхбат берді. 

Бағдарлама барысында халқымызда: «Отан – отбасынан басталады», – деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат құрады. Қоғам түзелсе – мемлекеттің мерейі тасып, мәртебесі артады. Ислам әйел адам мен ер адам бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп, қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» — деген. Сондай-ақ, Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың сүннетінде әйел адамға ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты орынға ие болуын қамтамасыз етеді. Құранда Алла Тағаланың ер мен әйелдің бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізетіндігін Рум сүресінің 21-аятында баяндайды: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»,- деп наиб имам шариғатта некені сақтау туралы айтып, отбасының басты құндылығына тоқталды.

Сонымен қатар көпшілік отбасыда түсініспеушілік неден туындайтындығында айтып өтті. Одан өзге шариғаттағы талақ түсінігін ашып беріп, әр мұсылман баласы отбасыда ескеру керек қағидаларға жіті тоқталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі