Мешіт ақсақалы мен наиб имам сұхбат берді 2290

Мешіт ақсақалы мен наиб имам сұхбат берді

28 қараша 2022 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен аталған мешіт ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ықылас Асанұлы «Aqtobe» телеарнасында қонақ болып, тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында «Батаменен ел көгерер» тақырыбында сұхбат берді. 

Бағдарлама барысында наиб имам облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ 7 бағытының бірі – дін мен дәстүр аясында сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ақсақалдар арасында облыстық батасы сайысы өткендігін баяндады. Он беске жуық қатысқан ақсақалдардың ішінде Ықылас ақсақалдың ІІІ орын алған жүлдегер екенін атап өтті. 

Сонымен қатар  наиб Нұрбол Смағұлов игі шара жалғасын табады дей келе, дін мен дәстүрдегі бататын орнына жіті тоқталды. Ал ақсақал Ықылас Асанұлы ұрпақтар сабақтастығы батамен жалғасатын естен шығармау керектігін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі