РАНТ мүшесі Мәуліт кешіне қатысты 6632

РАНТ мүшесі Мәуліт кешіне қатысты

28 тамыз 2026 54 Оқу 1 минут

Алға аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты мәуліт кеші өтті.

Рухани кешке арнайы қонақ ретінде РАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев қатысты.

РАНТ мүшесі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүріп өткен сара жалын жұрттшылыққа таныстыру, өнегелі өмірін үлгі ету мақсатында өткен кешті ашып, мәуліт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, тағылымды насихат өтті.

Игі шарада қасиетті Құраннан аят оқылып, бабалар рухына бағышталды. Сонымен қатар мәуліт жыры оқылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі