БАС МҮФТИ XVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО) 412

БАС МҮФТИ XVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

11 желтоқсан 2020 146 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей мұсылмандары діни басқармасы мен Халықаралық мұсылмандар форумы секретариатының ұйымдастыруымен онлайн форматта өтіп жатқан «Мәдениеттер тоғысы: пандемия жағдайындағы діни этика» тақырыбындағы XVI халықаралық форумына қатысты.

Сөз кезегін алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құдай қосқан көршіміз Ресей елінің тек стратегиялық әріптес қана емес, ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан бауырлас мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанына тоқталды.

«Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Осы конференцияда Ресей мұсылмандары діни басқармасының және Мүфтилер кеңесінің төрағасы шейх Равиль Гайнутдин құттықтау сөзін арнады.

Пандемия кезінде де біздің бір мезетте дұға жасау туралы бастамамызды қолдап, үндеуімізге үн қостыңыздар. Алла Тағала бірлігімізді нығайтып, әріптестік байланысымызды арттырғай. Осымен 16-рет өтіп жатқан мұсылмандардың халықаралық форумы әлемдегі мұсылман үмбетіне қатысты мәселені талқылайтын пайдалы ашық алаңға айналды. Форум жұмысына сәттілік тілеймін» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.