Ақтөбе: Айттың алғашқы күні 1695 отбасыға құрбандық ет таратылды 694

Ақтөбе: Айттың алғашқы күні 1695 отбасыға құрбандық ет таратылды

20 шілде 2021 154 Оқу 1 минут

Қасиетті құрбан айттың алғашқы күні Ақтөбе облысына қарасты қала және аудан мешіттеріне өтініш білдірген және ҚМДБ іске қосқан qurban2021.kz сайтына тіркеліп, ет алуға өтініштерін қалдырған мұқтаж отбасыларға ет таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және Ақтөбе қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері және ерікті жамағат Құрбан айт намазынан кейін Ақтөбе қаласы 41-разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» ет комбинатында жиналып, сайт арқылы тапсырыс берген кісілердің малдарын шалды. Еріктілер аталмыш сайтқа тіркелген және мешіттерге өтініш білдірген жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және сал ауруына шалдыққан отбасыларға үйлеріне құрбандық еттерін жеткізіп берді.

Жалпы облыс бойынша айттың алғашқы күні 28 ірі қара, 464 қой шылынып, 1695 отбасыға 7 тонна 500 келі құрбандық еттері таратылған.

Qurban2021.kz сайтына Ақтөбе қаласынан 530 мұқтаж тіркелген.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі