«Мұнара» телеарнасы: «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді 6534

«Мұнара» телеарнасы: «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

10 шілде 2026 34 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Жүсіпов Ақтөбе облысына арнайы келген сапары барысында республикалық «Мұнара» телеарнасының өңірдегі студиясында «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Ерболат Жүсіпов «Дін мен дәстүр» бөлімінің негізгі мақсаттары туралы айтып, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері исламмен қаншалықты үйлеседі?» тақырыбында дін мен дәстүр сабақтастығы мен қоғамдағы кереғар түсініктерді талдады.

Сонымен қатар бөлімнің дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өңірлердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы жұмысы туралы баяндады. Одан өзге алдағы уақытта «Дін мен дәстүр» бөлімі аясындағы жобаларға да тоқталды.

«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасын әр жұма күні яғни 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай! «Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі