Хромтау: «Ақ бата – асыл мұра» бата сайысы өтті 4005

Хромтау: «Ақ бата – асыл мұра» бата сайысы өтті

11 желтоқсан 2024 408 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл мұра» бата сайысы өтті.

Сайыс үш кезеңнен құралды: «Таныстыру», «Сұрақ – жауап» және «Еркін тақырып».

«Ақ бата – асыл мұра» байқауының отбасылық тәрбиеде мәні зор. Сондықтан да жыл сайын аталмыш шараны ұйымдастыру біз үшін маңызды дәстүрге айналды. Жасыратыны жоқ кейде ел ішінде бата беретін ақсақалдар азайды немесе жіп иіріп, текемет, сырмақ басатын әжелер қалмады дегенді жиі естіп жүрміз. Біздің мақсат – осы олқылықтың орнын толтыру әрі ұлттық құндылығымызды насихаттап, бүгінгі ұрпақтың бойына дарыту»,- дейді сайысты ұйымдастырушы «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы.

Қатысушылар өздерін батагөйлік қырынан ғана емес қала, ауыл намысы үшін де барын салған өнер байқауының қорытындысы бойынша Төремұратұлы Сайран І орын биігінен көрінсе, ІІ орынды Нанбаев Айдархан еншіледі. Ал, ІІІ орын Жүсіп Нұрасыл бұйырды.

Жеңімпаздарға және басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.