ҚМДБ ЖӘНЕ МЫСЫР ӨКІЛДЕРІ ДІНИ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі, доктор Усама Әл-Азһариді қабылдады.
Кездесуде діни білім беру, жастарды дәстүрлі құндылықтарға тәрбиелеу және радикалды көзқарастардың алдын алу мәселелері қаралды. Тараптар ортақ құндылықтарды насихаттап, ғылыми әріптестікті нығайтуға уағдаласты.





































