Хромтау: «Ақжар» ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтіп, қайта халық игілігіне берілді 2932

Хромтау: «Ақжар» ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтіп, қайта халық игілігіне берілді

18 қыркүйек 2023 261 Оқу 1 минут

Хромтау ауданы, «Ақжар» ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтіп, қайта халық игілігіне берілді. 

Аталмыш шараға арнайы қонақ ретінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли қатысып, облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан демеушілерге алғыс хат табыстады.

«Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық жасалатын, мұсылманның жүрегінен ерекше орын алатын қасиетті мекен.

«Мешіт» сөзі араб тілінде «мәсжидун» – сәждеге бас қоятын орын деген мағынаны білдіреді. Себебі біз намаз оқығанда маңдайымызды сәждеге қойып, Алла Тағалаға бас иеміз. Мешіттің ұлылығы мен маңыздылығын, жер бетінде алғаш тұрғызылған үй мешіт болғандығынан көруімізге болады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 96-аятында: «Негізінен адам баласы үшін меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) – бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол», – деп айтқан. Мешіт аса құрметті орын болғандықтан ол «Алланың үйі» деп аталған екендігі туралы насихат айтып, ауыл тұрғындарының асыға күткен қуанышымен құттықтады Алмат Әли.

Одан өзге игі шарада ауыл әкімі Дүйсенбин Болатбек, ауыл ақсақалы Озғанов Қуаныш сөз сөйлеп, жиналған қауымға ақ тілегін арнады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі