Имам «Қайырлы таң, Ақтөбеде» қонақ болды 1053

Имам «Қайырлы таң, Ақтөбеде» қонақ болды

02 қараша 2021 104 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ержан Мизамов «Aqtobe» телеарнасындағы тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында қонақ болды.

Имам бағдарлама барысында «Балаға азан шақырып ат қою», «Есім қойғанда не нәрсеге басты назар аудару қажет?», «Соңғы кезде мұсылманша ат қою сәнге айналды. Ол қаншалықты дұрыс?», «Кейбіреулер Алланың 99 есімінің бірін қойып жатады, оған көзқарасыңыз?», «Адамның есімі тағдырына әсер етеді деген пікір қаншалықты рас?», «Дінімізде ат қоюға байланысты қандай ұстанымдар бар? Қандай есімдерді қоюға болмайды?» деген сауалдарға жауап беріп, «Есімдер сыры» тақырыбында сүбелі сұхбат берді.

Бағдарламаның толық нұсқасын youtube арнамыздан көре аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі