19 Зул-Қағда
Шалқарда шаңғы тебуден жарыс өтті 4221

Шалқарда шаңғы тебуден жарыс өтті

22 ақпан 2025 78 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шаңғы тебуден жарыс өтті. 

«Демалыс күні таза ауамен тыныстап, шаңғы тепкеннің пайдасы өте зор екені белгілі. Өз өмірін осындай игі істерге арнап, денсаулығын түзеуге жұмсаған жастар салауатты да саламатты, жарқын да жасампаз еліміздің берік іргетасын қалауға өлшеусіз үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
Мұхаммедтің өсиет еткен сүйікті амалдарының бірі», -деді ұйымдастырушы имамдар.

Айта кетейік, жарысқа аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты белсенді қатысып, 23 адам бақсынасты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Социалұлы Мейірхан ең үздік ретінде танылып, І орын иегері атанып, Смарт ТВ Yasіn табысталды. Ал, Сағымданов Жәнібек ІІ орынмен (Magna пеші) , ІІІ орынмен Ілиясов Рауан (Mivan пеші) марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі