#Рамазан2026: Оразаға қатысты «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде наурыз айының алғашқы Пәтуа сағаты өтті.
Жұма намазынан кейін имамдар мен ұстаздар оразаға қатысты сұрақтарға жауап берілді.
Қойылған сұрақтар легі: «Сәресі ішпей ұйықтап қалып ораза ұстауға бола ма?», «Ораза кезінде укол алса ораза бұзыла ма?».
Әр аптаның жұма күні өкілдікке қарасты барлық мешітте «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































