Шалқарда 184 келі азық-түлік үлестірілді
Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 20 отбасыға азық-түлік табысталды.
Игі шарада құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға жалпы салмағы 184 кг құрайтын азық-түлік себеттері үлестірілді.
Шара барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің Бас имамы Абзал Медетбеков ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екенін атап өтіп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.









































