Облыстың Бас имамы Амангелді Айталыны мерекемен құттықтады 2143

Облыстың Бас имамы Амангелді Айталыны мерекемен құттықтады

01 қазан 2022 121 Оқу 1 минут

 Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұстаздар мен қарттар күніне орай ҚМДБ Ақсаақалдар кенесінің мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталыны мерекемен құттықтады. 

 Сонымен қатар игі басқосуда Бас имам ҚМДБ Ақсаақалдар кенесінің мүшесімен өңірдегі  діни тұрақтылықты арттыру мәселерін талқылады. 

 Серікжан Еншібайұлы: "Сізді ұстаздар және қарттар мерекесімен құттықтаймыз! Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақтың көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты. Өзіңіз секілді халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!",- деп алғысын білдіріп, арнайы сый-сияпат жасады. Ал ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі облыстың Бас имамына ризашылығын айтып, ақ батасын берді. 

Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі