Шалқар: Шағын футболдан лига біріншілігі басталды 2944

Шалқар: Шағын футболдан лига біріншілігі басталды

24 қыркүйек 2023 195 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттардың бірлігін арттыру мақсатында шағын футболдан лига біріншілігі басталды.

Жарыстың ашылу салтанаты Шалқар аудандық «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінде өтті.

Сайыста Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай доданың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысына тоқталсақ, екі айға созылатын додада жамағат арасынан 8 команда бақ сынауда. Ойындар екі айналымнан өтеді. Әр команда 14 ойын ойнайтын болады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі