Ақтөбе: «Құмар ойын құрдымға апарады» атты іс-шара өтті 2943

Ақтөбе: «Құмар ойын құрдымға апарады» атты іс-шара өтті

27 қыркүйек 2024 293 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Құмар ойын құрдымға апарады» атты іс-шара өтті.

Аталған шараға «Ихсан» орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы қатысып, құмар ойынға адамның тәуелді болуының психологиялық әсерлері мен салдарын анықтап өтті.

Сондай-ақ Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Назерке Айбекқызы және Жұлдыз Алдаберген бүгінгі қоғамда белең алған суицид, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау секілді қылмыстардың артуына бірден-бір себеп осы құмар ойынға әуестік екендігін баса айтты.

Одан өзге шара соңында қатысушылар тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, психолог маманмен пікір алмасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі