Мәртөк: "Адамзаттың асыл тәжі — Хазіреті Мұхаммед” атты мәуліт кеші  ұйымдастырылды 2203

Мәртөк: "Адамзаттың асыл тәжі — Хазіреті Мұхаммед” атты мәуліт кеші ұйымдастырылды

22 қазан 2022 102 Оқу 1 минут

Мәртөк ауданында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен  “Адамзаттың асыл тәжі — Хазіреті Мұхаммед” атты мәуліт кеші өтті.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жүріп өткен сара жалын жұрттшылыққа таныстыру, өнегелі өмірін үлгі ету мақсатында өткен кешті ауданның Бас имамы Зарлық  Ералин ашып, мәуліт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп өтті. Игі шарада қасиетті Құраннан аят оқылып, бабалар рухына бағышталды. 

Сонымен қатар аудан орталығында Құмсай мейрамханасында 80 адамға дастархан жайылып, кешке облыстық" Нұр Ғасыр мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, аудан басшысы Салықбаев Алмас, бөлім басшылары, кәсіпкерлер, аудан ақсақалдары, имамдар және мешіт жамағаттары қатысты. 

Шара барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Мұхаммед қари мәуліт оқып, жамағат салауатқа қатысты. Аудандық мешіттің қайырымдылық істеріне атсалысқан кәсіпкер ағалар аудан имамы тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Одан өзге облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Мәуліт туралы насихат айтты. Ал батагөй Амантай ақсақал жиналған жұртшылыққа Майлықожан ақынның, Әбубәкір Кердерінің насихаттарын өлеңмен жеткізді. Аудан өнерпазы Балмұханов Берекет “Пайғамбарға арнауын” домбырамен орындады.

Руханиятты басқосуда Алла Елшісінің (с.ғ.с) өмір жолынан сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жеңімпаздарға “Адамзаттың асыл тәжі” кітабы сыйға табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі