Хромтау: Ауданның жаңа бас имамы мешіт қызметкерлерімен кездесті 4751

Хромтау: Ауданның жаңа бас имамы мешіт қызметкерлерімен кездесті

18 тамыз 2025 76 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ауданның жаңа бас имамы Марал Иманғали мешіт қызметкерлерімен кездесті. 

Жиын барысында мешіт жұмысының негізгі бағыттары талқыланып, діни-ағарту, жамағатпен байланыс, мешіттің ішкі тәртіп-қағидаларын сақтау және атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижелері талқыланды.

Ауданның бас имамы қызметкерлерге қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, бірлік пен ынтымақта қызмет ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жамағатқа дұрыс діни түсінік жеткізіп, олардың рухани қажеттіліктерін өтеуде белсенділік танытуға шақырды.

Кездесу соңында мешіт қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта жұмысты одан әрі жандандыруға уағдаласты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі