«Мешіт көркі – жамағат» атты бас қосу ұйымдастырылды
Қарғалы аудандық «Ас-Самиғ» мешітінің бас имамы Нұрлан Өмірбайұлының бастамасымен «Мешіт көркі – жамағат» атты айлық отырыс ұйымдастырылып, мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылды.
Бас қосу барысында 20-дан астам қатысты.
Бас имам «Бауырмалдық» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Шара қорытындысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































