«Досжан Хазірет» мешіті: «Адамзаттың асылы Мұстафа» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды 3008

«Досжан Хазірет» мешіті: «Адамзаттың асылы Мұстафа» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды

18 қазан 2023 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Досжан Хазірет» мешітінде қыз-келіншектерге арналған «Адамзаттың асылы Мұстафа» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды. 

Шара қасиетті Құран Кәрімнің «Рахман» сүресін оқумен басталып, ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен жалғасын тапты.

Рухани кеште мешіт ұстазы Ақжарқын Темірқызының Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сипаттап уағыз айтты.

Шара барысында пайғамбарымыздың (с.ғ.с) есімінің құрметіне, баласының есімі Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) аттас болған аналарға сыйлық жасалды. Ал салт-дәстүрді жаңғырта отырып, «Шындық» термесін Кәусәр Мұхаммедқали орындады. Жамағаттың білімін шыңдау мақсатында тақырыпқа сай викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар берілді. Алланың 99 есімін жатқа айту сайысында Шаймерден Сәлима үздік болып, өзгелерге үлгі болды.

Одан өзге мерекелік дастархан дастарқан басында құрметті қонақтар «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова Мәуліттің артықшылығы жөнінде насихат айтса, дін маманы, ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова «Бидғат», пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жетістікке жету жолындағы 7 стратегиясын баяндады.

Рухани кеш құрметті қонақтар мен қатысушыларға Мәуліт сыйы ретінде зәмзәм суы таратылып, әжелердің ақ батасымен тәмәмдалды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі