Шалқарда сенбілік жұмысы жасалды
Шалқар ауданында жаңадан бой көтеріп, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Тәубе» мешітінің ауласында сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене атсалысып, ауладағы қоқыстарды тазалап, абаттандыру жұмыстарына жұмыла кірісті.
Бұл игі шара – қоршаған ортаны таза ұстау мен жамағаттың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Мешіт ауласында өткен бұл сенбілік – жамағаттың бірлігі мен ортақ іске деген жанашырлығын көрсетті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram