Ақтөбе облысында Пәтуа сағаты өтті 3757

Ақтөбе облысында Пәтуа сағаты өтті

29 қыркүйек 2024 182 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде әр апта сайын жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты ұйымдастырылып келеді. 

Осы жұмада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысы бойынша жауапты маман, облыстық мешіттің ұстазы Талғат Аманов Пәтуа сағатында сапар намазы, депозитке ақша сақтауға болады ма?, таһаджут намазы 8 ракағат па?, әууәбин намазы неше ракағат?, дәреттен күмән болған жағдайда не істеу керек? Намазда қолды қайда байлайды?, имам жұма намазында уағыз айтып тұрғанда сәлем намазы оқылады ма?, үйде намаз оқылғанда азан шақыру міндет пе?, қаза намаздар қалай оқылады? сынды сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді.

Айта кетсек, сұрақ-жауап негізінде өтетін Пәтуа сағаты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде де өтті.

Одан өзге өкілдіктің ресми инстаграмдағы @nur_gasyr парақшасында бейсенбі күні сағат 20:00-де Талғат Аманов «Дініміздегі пәтуа берудің жауапкершілігі» атты тікелей эфир өткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі