Бегімбет: Ауданның Бас имамы «Ихсан және насихат» бағыты аясында жастармен кездесті 2537

Бегімбет: Ауданның Бас имамы «Ихсан және насихат» бағыты аясында жастармен кездесті

07 наурыз 2023 89 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 2023 жылдық жоспары бойынша «Ихсан және насихат» бағыты аясында Шалқар ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков ауданға қарасты Бегімбет ауылың жастарымен кездесті. 

Кездесуде барысында ауданның Бас имамы: «Қазіргі уақытта жастардан рухани құндылықтарға ұмтылыс байқалуда. Қазақтың ұлттық құндылығы – салт-дәстүрде, руханиятта, мәдениетінде және ата дініміз Исламда. Рухани кемел адам ғана жат ағымдардың жетегінде адаспайды. Осы салада жастарға дұрыс бағыт беру, ұлттық құндылықтарға сұранысын арттыру, бабаларымыздың ғасырлар бойы тәрбиесінің негізгі өзегі болған ата дінімізді ұлықтап, тағылымдарын сіңіру – біз үшін қастерлі парыз» деп атап өтіп, ұлттық тәрбие хақында тұщымды ой қозғады.

Сонымен қатар кездесуге келген жастар имамға сауалдар қойса, Абзал Мдетбеков әрбір сауалға егжей-тегжейлі жауап беріп, өңірдегі діни ахуал жайлы кең көлемде әңгімелеп берді.

Одан өзге ауданның Бас имамы АО «Интергаз Центральная Азия» КС-11 Аральское ЛПУ мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, «Ислам және ізгі қоғам» аясында сөз қозғап, қоғамның дамып, еліміздің мәдениетінің өсуіне дәстүрлі дініміздің ықпалы зор екендігін тілге тиек етіп, ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі