Ғұламалар кеңесінде 6 пәтуа қабылданды 1343

Ғұламалар кеңесінде 6 пәтуа қабылданды

25 ақпан 2022 110 Оқу 0 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісі қорытындыланды.

Кеңес хатшысы Батыржан Берденұлы Бас мүфтиге қабылданған пәтуалар жайлы баяндап, екі күндік жұмыстың есебін хабарлады. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы нәтижелі еңбек етіп келе жатқан ғалымдарға алғыс білдіріп, ризашылық ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «Әскери борышты өтеудің үкімі», «Қауесет таратудың үкімі», «Жеке тұлға мен мемлекет мүлкін бүлдіру және қол сұғудың үкімі», «Жануарлардың ағзасын адамға трансплантациялаудың үкімі», «Шашты трансплантациялаудың үкімі», «Артық саусақты алудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мәтіні бекітіліп, шешім қабылданды.

Сонымен қатар, «Ислам энциклопедиясы» кітабының І томының, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының және «Қ.А.Ясауи өмірі, қызметі, шығармашылығы» кітабының мазмұны талқыланды.

Еске салсақ, өткен жылы «Пәтуалар жинағының» үшінші томы жарық көрді.