Шалқар: Ауданның Бас имамы Есет Көтібарұлы округіне арнайы іс-сапармен барды 3695

Шалқар: Ауданның Бас имамы Есет Көтібарұлы округіне арнайы іс-сапармен барды

19 қыркүйек 2024 334 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Есет Көтібарұлы ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.

Сапар барысында ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен танысып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат, қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде ауыл имамы Қуанышов Бақтиярға тапсырма берді.

Сондай-ақ, Шалқар ауданына қарасты Есет Көтібарұлы ауылына ат басын бұрған бас имам ауыл әкімі Кенжалин Мирамғали Танатханұлымен жүздесіп, ауылдағы діни ахуалды сөз етті.

Кездесу барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков: «Мешіт – ортақ құндылық. Ислам да солай. Оны дәріптеу дін қызметкерлерінің ғана міндеті емес, бұл – тұтас қоғамның міндеті. Рухани қуатты, дініне берік, білімді ұлттың болашағы қашан да жарқын болады»-деп, ауыл әкіміне діни тұрақтылықты сақтауда мемлекет қызметкерлерінің де маңызы зор екенін атап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі