МЕККЕ МЕН МӘДИНАДА 2 755 ОТАНДАСЫМЫЗҒА УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ 5413

МЕККЕ МЕН МӘДИНАДА 2 755 ОТАНДАСЫМЫЗҒА УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

30 мамыр 2025 3 Оқу 1 минут

Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жиналған қазақстандық қажыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 15 уағызшы арнайы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Қажылық миссиясының уағыз-насихат бағытына жауапты Батыржан Мансұровтың айтуынша, 25 мамыр мен 30 мамыр аралығында ұшақта, Мәдина-Мекке бағытындағы автобустарда, қонақүйлердің намазханаларында имам-ұстаздар уағызына 2 755 адам қатысты. Бесінші парызын өтеуге келген отандастарымызға үлкен қажылыққа дайындық, қажылық әдептері, Мекке мен қағбаның абзалдығы, таматтуғ қажылығы, ықылас және ниет, қажылықта қарым-қатынастың әдебі және өзге де тақырыптарда уағыз-насихат айтылуда.