Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бозой ауылына арнайы іссапармен барды.

Шалқар: Ауданның Бас имамы Бозой ауылына барды

21 желтоқсан 2025 51 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бозой ауылына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында Бас имам жергілікті мешітке барып, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат пен қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту мәселелеріне назар аударды.

Сонымен қатар аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі діни ахуал, дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық тәрбие мен береке-бірлікті нығайтудағы аға буынның рөлі жөнінде сөз қозғады. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Шара соңында мешіт жамағатымен басқосу өтіп, «Ауызбіршілік – алтыннан да қымбат» тақырыбында насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі